«eShejire» мобильдік қосымшасының құпиялылық және пайдаланушылар туралы ақпаратты қорғау саясаты

Құпиялылық және ақпаратты қорғау саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қосымшаны қолдану барысындағы Пайдаланушылар ұсынатын жеке деректерді жинақтау, пайдалану және өңдеу саласында Компанияның ұстанатын саясатының жалпы баяндалуы болып табылады. Компания жеке деректерді жинақтауды, пайдалануды және жариялауды Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып іске асырады. Дербес ақпаратты қорғау саясаты «Кызмет-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі меншік иесі әрі әзірлеушісі болып табылатын «eShejire» қосымшасына қолданылады.

1. Ақпаратты жинақтау.

1.1. Пайдаланушы «eShejire» қосымшасында өзінің есеп жазбасын жасағанда, Компания Пайдаланушыдан немесе есеп жазбаларынан (мүмкін болса) ақпаратты, оның ішінде телефон нөмірі, аты-жөні, геолокациясы туралы мәліметтер, фото және бейнематериалдар, сондай-ақ Пайдаланушы Қосымшада бөліскен немесе жариялаған қосымша ақпаратты қабылдап жинақтай алады.

1.2. Компания, сондай-ақ, мобильдік құрылғының интернет желісіне қолжетімді болған кезде жолдайтын ақпаратын, немесе Пайдаланушы Қосымшаға кірген кезде браузер жіберетін ақпаратты, оның ішінде IP-адрес жайлы мәліметті жинақтауға құқылы.

1.3. Пайдаланушы Компанияға ұсынатын өзі және үшінші тұлғалар жайлы жеке деректер үшін дербес түрде жауапты болады.

1.4. Мобильдік қосымша мобильдік құрылғының геолокациясын білуге (орналасқан жерін анықтау), телефон кітапшасындағы байланыстар тізбесін, фотосуреттер галереясын, камераны, Компания тарапынан жіберілген SMS-хабарламадан растау кодын автоматты түрде енгізу үшін SMS-хабарламаларды көруге рұқсат алады.

2. Жеке мәліметтерді пайдалану.

2.1. Компания Пайдаланушы ұсынған жеке деректерді мынадай мақсаттарда пайдалануы мүмкін:

a) Пайдаланушымен байланыс жасау;

b) Пайдаланушының сұрауларын орындау;

c) Пайдаланушыдан қосымшаның сипаттамасы және мазмұны бойынша пікірін алу немесе Компания миссиясын орындау ісінде көмек алу (ерікті түрде).

2.2. Пайдаланушы SMS және push-мәлімдемелер арқылы жаңартылған ақпаратты, соңғы жаңалықтар, жаңа ұсыныстар, арнайы ұсыныстар мазмұндалған ақпараттық хабарламаларды, сонымен қатар серіктестердің жаңалықтары мен ұсыныстары жайлы ақпаратты алуға өз келісімін береді. Пайдаланушының жіберілім өлшемдерін таңдауға немесе жіберілімнен бас тартуға құқығы бар.

2.3. Пайдаланушы Компанияға қызметтеу сапасын арттыру және ауызша өтініштерін куәландыру үшін телефон сұхбаттасуларын жазып алуға келісімін береді.

2.4. Компанияның ішкі мәселелерді шешу үшін, оның ішінде аудит, деректерді өңдеу, ақаулықтарды табу және жою, зерттеу жүргізу үшін Пайдаланушылардың жеке деректерін қолдануға құқығы бар.

2.5. Компанияның Қосымшаға зиян тигізетін пайдаланушыларды анықтау үшін, немесе Компания ресурсында пайдаланушылық әсерлерді дараландыру үшін Пайдаланушы ұсынатын ақпаратты, сонымен бірге Пайдаланушының браузері жолдайтын ақпаратты пайдалануға құқығы бар.

2.6. Егер Пайдаланушының ақпараты жоғарыда көрсетілгеннен басқа мақсатта қолданатын болса, Компания Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Пайдаланушыға бұл туралы мәлімдеп, рұқсат сұрайды.

2.7. Компанияның Пайдаланушыға Қосымшаның қандай да бір қызметтерін пайдалануына рұқсат бермеу немесе жаңа қызметтердің пайда болуы туралы мәлімдеуге құқығы бар.

3. Пайдаланушы ұсынатын материалдар.

3.1. Пайдаланушы Қосымшада өзінің жеке материалдарын ұсына алады және таңдаған салаларда пікір қалдыра алады. Пайдаланушы ұсынатын осындай материалдардың кейбіреуін басқа адамдарға жариялауға болмайды (мысалы, онлайн режимінде жасалған жеке ескертпелер, чаттағы хат алмасу, электрондық хаттар). Ал кейбір материалдар жалпы жарияланып, басқа тұлғалардың назарына ұсыныла алады (мысалы, Қосымшаның таңдалған бөлімдерінде жазбаша пікірлер немесе онлайн түсініктер).

3.2. Пайдаланушы ұсынған материалдар жарияланатын немесе үшінші тұлғаларға ұсынылатын кезде Компания Пайдаланушыдан ерекше келісімін сұрайды.

3.3. Компания Пайдаланушыға ашық жариялымға материал жіберу кезінде мұқият болып, Пайдаланушының өзіне немесе өзге адамдарға зардап тигізіп, зиян келтіретін (немесе зардаптың не зиянның төну қаупін) ақпаратты жариялаудан аулақ болуын ұсынады.

3.4. Пайдаланушы ұсынатын барлық материалдар түрі Компанияның немесе аффилирленген тұлғалардың немесе үшінші тұлғалардың жүйелерінде сақталады. Пайдаланушылардың деректеріне заңсыз қолжеткізуден, жариялаудан және өзгертуден қорғауда қолданатын салалық стандарттардың ықпалына қарамастан, Компания олардың толық қорғалуына кепілдік ете алмайды және бірқатар жағдайларда Компания Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мұндай ақпаратты үшінші тұлғаларға ашуға міндетті болады не ашуға шешім қабылдайды.

3.5. Компания Пайдаланушы ұсынатын материалдардың мониторингісін іске асыру бойынша міндеттемелермен жүктелмеген, Компанияның бұл істі жеке тұлғалық өзінің қалауы бойынша орындауға құқылы. Компания ашық жариялымға немесе жеке дерек ретінде ұсынылғанына қарамастан орынсыз, дөрекі, ерсі, екіұшты, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, ар-намысқа тиетін, кар-ожданға кір келтіретін, заңсыз, қауіпті деп тапқан кез келген деректерді оқшаулауға немесе жоюға құқығы бар. Компания қосымшаның барлық бөлімдері бойынша берілетін материалдарды тексермейді, сол себепті Пайдаланушы зиян шеккен адам туралы, қатыгез әрекеттің құрбаны болған адам туралы, немесе сондай қалыпқа түсу қаупі төніп тұрған адам туралы материалдар ұсынса, Компания қорғау шараларын қабылдауға кепілдік етпейді.

3.6. Егер Компанияға ар-намысқа тиетін немесе басқа тұлғаның жеке ақпаратының құпиялығын бұзатын материалдар туралы мәлім болса, ол бұл материалдарды оқшаулау немесе жою шараларын жасайды.

4. Ақпаратты сақтау.

Компания жинақталған жеке деректерді және берілген материалдарды жинақтаудың мақсатын орындауға қажетті мерзімде сақтайды, одан кейін бұл мәліметтерді профильдер, ортақ генеалогиялық ақпарат және мүшелік туралы ақпараттың шектеулі көлемінен басқа ақпаратты жояды.

5. Рұқсат.

Компания жеке деректердің дәлдігін қамтамасыз етуге тырысады және Пайдаланушы да жеке деректердің дәлдігі мен толымдығына назар аударатынына үміттенеді. Пайдаланушы жеке деректерді өзінің профилі арқылы тексеруге, жөндеуге немесе жоюға құқылы болып табылады.

6. Ақпаратты беру және жариялау (ашу).

6.1. Компания Пайдаланушының жеке ақпаратын құпиялы деп бағалайды және оны саудаламайды. Компания төмендегі жағдайлардан басқа (және Компания Пайдаланушыға ерекше мәлімдеп, оның алдын ала рұқсатын алған жағдайлардан басқа) кезде Пайдаланушының жеке деректерін басқа тұлғаларға бермейді:

6.1.1. Компания Пайдаланушының жеке деректерін Компания атынан ішкі функцияларды іске асыру кезінде қолдану үшін үшінші тұлғаларға ұсынуға (мысалы, төлемдерді, қызметтерді өңдеу үшін, қауіпсіздік мақсатында, мәліметтерді талдау үшін, хостинг және т.б. үшін) құқылы болып табылады. Мұндай жағдайларда қызмет көрсетушілер келісімшарт шарттары бойынша осы Саясатқа және салалық стандарттарға сәйкес Пайдаланушының жеке деректерін қорғауға және олардың басқа мақсаттарда, соның ішінде маркетингтік мақсатта қолданылуын болдыртпауға міндетті.

6.1.2. Компания бұны сот талабы немесе өзге сот не әкімшілік өкімдер бойынша, немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізінде талап етіледі деп санаса, Пайдаланушының кез келген сайтқа жіберген жеке деректерін, оның ішінде жазатын хабарламаларын, күнделіктегі жазбаларын, онлайн сұхбаттарын, жеке ескертулерін, материалдарын және басқа мәліметтерін ашуға және жариялауға құқылы болып табылады.

6.1.3. Компания Пайдаланушының жеке деректерін және басқа ақпаратын ашуға құқылы: егер бұны Келісімнің басқа шарттарын бұзудын алдын алуға қажетті шара деп санаса; Қосымшаның, кез келген адамның, қауымның құқықтарын, мүлкін және қауіпсіздігін қорғау үшін; Компания қызметтері мен инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен біртұтастығын қолдау және қорғау үшін; Компания қызметтерін қылмыстық, ар-намысқа тиетін, зансыз пайдаланудан сақтау және тексеру үшін; Компанияны үшінші бір тұлғалардын шағымдарынан немесе айыптауларынан тексеру және қорғау үшін; құқық қорғау органдарына көмектесу үшін.

7. Ақпаратты қорғау.

7.1. Компания қабылдаған жеке деректерді жоюлыдан,зансыз қолданудан, зансыз өзгертуден қорғау және құпиялылығын қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық-техникалық шаралар қабылдайды. Компания қауіпсіздікті қамтамасыз ету процедураларын үнемі қайталай тексереді және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа технологиялары мен әдістерін талдап отырады. Сондай-ақ, Компания берілетін мәліметтерді жүйеге кіру парағында шифрлеп, криптографиялық қорғаудың заманауи технологияларын пайдаланады. 7.2. Компания криптографиялық қорғаныс технологиларының толықтай қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды, сондықтан Пайдаланушыны жеке деректердін онлайн берілуі кезінде аса мұқият болуын өтінеді.

8. Мәліметтерді беру.

8.1. Пайдаланушы өзінен басқа әлдекім туралы (үшінші тұлға) жеке деректер, оның ішінде байланыс ақпаратын беруге құқылы, бұл ақпарат Компанияға үшінші тұлғамен байланысып, қызметін орындауға немесе қандай да бір басқа амалмен Пайдаланушы сұрауын орындауға мүмкіндік береді. Осылайша алынған ақпарат тек қана Пайдаланушышың сұрауын орындау үшін қолданылады. Өзінен басқа әлдекім туралы дерек берместен бұрын Пайдаланушы сол басқа тұлғаның рұқсатын алуы тиіс.

8.2. Егер Пайдаланушы Компанияға өзінің жеке және байланыс деректерін беріп қойып, кейін Компания бұдан әрі онымен байланысқа шыққанын қаламаса, ол Қосымшада ескерілген жазылымнан немесе қызметтеуден бас тарту процедурасын орындауға құқылы.

9. Ақпаратты пассивтік жинақтау:

9.1. Қадағалау технологиялары Пайдаланушы Қосымшаға немесе Компания сайтына кірген сайын Пайдаланушының қолданатын жүйесі жіберетін сәйкестендіру файлдары (cookies) және таза GIF форматты файлдары сияқты ақпаратты жинақтай алады. Мұнда Пайдаланушы браузерінің типі, операциялық жүйесінің түрі, тілдік таңдаулар, Қосымшаға өткен парақ туралы, әрбір сұрауының күні мен уақыты туралы және Пайдаланушының Қосымшада іздеген ақпарат туралы мәлімет болады.

9.2. Компания мәліметтерді жинақтау үшін сәйкестендіру файлдарын (cookies) және таза GIF-файлдарын қолданады. Cookie файлы тіркеу мәліметтерін сақтау үшін, ақпаратты Пайдаланушының мобильдік құрылғысына немесе Пайдаланушының браузеріне тасымалдау үшін қолданылатын шағын мәліметтер массиві болып табылады. Cookie файлы Компанияға Пайдаланушының қосымшаға немесе сайтқа қайта кіргенде браузерін тануға мүмкіндік жасайтын белгі іспетті. Таза GIF-файлы (сондай-ақ веб-шамшырақ) cookie файлдарымен қоса Компанияға Пайдаланушының Қосымшамен қалайша әрекеттесетінін көрсетеді. Әдетте, таза GIF-файл Қосымшаға орналастырылатын мөлдір графикалық бейне болып табылады. Таза GIF-файлдарын пайдалану Компанияға Пайдаланушы Қосымшаны ашқандағы әрекеттерінің мониторингісін іске асыруға мүмкіндік жасайды және Компания танитын браузерлері орындайтын әрекеттерді байқау және тіркеу міндетін жеңілдетеді. Мысалы, таза GIF-файлдарын қолдана отырып, Компания Қосымшаға кірулер реттілігін байқап, Қосымшаны жалпы пайдалану уақыты мен трафикті бақылай алады.

9.3. Компания бұл ақпаратты Пайдаланушы Қосымшаны қалайша пайдаланатынын түсініп, көрсететін қызметтерін жетілдіру мақсатында жинақтайды.

9.4. Компанияның бұл ақпаратпен Компания қызметкерлерімен, мердігерлермен, қызмет көрсетушілермен және аффилирленген ұйымдармен бөлісуге құқығы бар.

9.5. Пайдаланушы өз браузерінің баптауларын өзгертіп, cookie файлдарының қабылдануына тыйым салуға, немесе Қосымшаға кіру кезінде cookie файлын алу туралы ескерту режимін қосып қоюға құқылы. Алайда, бұл жағдайда Пайдаланушы Қосымшаның белгілі бір бөлімдерін немесе функцияларын қолдана алмайтын болады. Сәйкестендіру файлы (cookies) туралы, сонымен қоса олардың қалай жүктелетіні, қолданылатыны және жойылатыны туралы тереңірек білу үшін http://www.allaboutcookies.org сайтына кіріп қарауға болады. Google Analytics көмегімен барлық сайтта тексерілуден бас тарту үшін https://tools.google.com/dlpage/gaoptout сайтына өту қажет.

10. Жеке ақпараттың құпиялылығын сақтауға қатысты ережелер мен сауалдар.

Компания жеке ақпаратты қорғау саясатының сақталуына жауап беретін маманды тағайындайды, ол деректердің қауіпсіздігі және оларды қорғауға байланысты сауалдарға жауап бере алады. Осы Жеке ақпаратты қорғау саясатына және Компания өңдейтін жеке деректерінің қауіпсіздігіне қатысты сауалдарды agreement@site.kz электрондық мекен-жай поштасына жолдауға болады.

11. Балалар туралы деректер.

Ақпаратты балалардан жинақтау ата-ананың немесе қамқоршының ерекше алдын ада және саналы келісімінен ғана, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының тиісті нормаларын сақтай отырып іске асырылады. Компания 18 жасқа толмаған адамдарға Интернет арқылы әлдекімге қандай да бір жеке деректерді жібермес бұрын ата-ананың рұқсатын сұрағандарын нұсқайды және ата-аналарға да балаларды интернет желісін қауіпсіз қолдануды үйретуді ұсынады.

12. Сыртқы сайттарға сілтемелер.

Компания кез келген сыртқы сайттардың жеке деректерін немесе мазмұнын қорғауға жауапты емес. Жеке қауіпсіздігі үшін Пайдаланушы басқа сайттардағы жеке ақпараттың құпиялылығы саясатымен мұқият танысып, оның Пайдаланушы талаптарына сай келетініне көз жеткізуі қажет.

13. Тараптардың жауапкершілігі.

13.1. Компания желілік шабуылдар немесе Қосымшаны бұзып ашу үшін (соның ішінде, бірақ шектелмей), техникалық себептерге байланысты Қосымша жұмысындағы бұзылулар үшін жауап бермейді.

13.2. Компания және Пайдаланушы (бұдан әрі – тараптар) еңсерілмейтін күш ықпалы мерзімінде өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш деп – тараптардың міндеттемелерді орындауға бөгет болатын төтенше жағдайларды айтады. Оған: табиғи апаттар; ядролық жарылыс, радиация (иондаушы сәулелендіру) ықпалы, немесе ядролық қарудың, өндірістік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының, радиоактивті қоқыстары материалдарымен радиоактивті жұқпалану; соғыс, әскери шабуылдар, шетелдік жаудың жаугершілік әрекеттері, әскери қимылдар, азаматтық соғыс, қарулы көтеріліс, әр түрлі халық толқулары, көпшілік тәртіпсіздіктер, зорлықпен жаулап алу немесе билікті зорлықпен ұстау; індет, метеорологиялық жағдайлар, лаңкестік әрекеттер, көтерілістер, тәркілеу, теріс сипаттағы ұлтшылдық және т.б. жатады. Мұндайда жалпыға мәлім оқиғаларға қандай да бір куәландыру құжаты қажет емес.

14. Авторлық құқық.

14.1. Қосымшада жарияланған суреттер мен мәтіндер авторлық құқықпен қорғалады. Материалдарды кез келген қолдану тек әзірлеушінің жазбаша келісімімен рұқсат етіледі.

14.2. Мобильдік қосымшаға барлық құқықтар, соның ішінде іске асырылудағы және әзірленудегі байланысқан сервистер «Қызмет-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншігі болып табылады. Құпиялы ақпаратты қолдану «Жеке деректер және оларды қорғау» заңымен, сонымен бірге Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

15. Жеке деректерді қорғау ережелеріндегі өзгертулер.

15.1. Компания осы Жеке ақпаратты қорғау саясатын үнемі қарап, қажеттілік туған сайын оған өзгертулер мен толықтырулар енгізіп отырады.

15.2. Компания осы Жеке ақпаратты қорғау саясатына Пайдаланушының жеке деректерін пайдалану тәртібіне әсер етуі мүмкін өзгертулер енгізсе, бұл туралы Пайдаланушыға сол бетте (парақта) немесе Қосымшаны келесі қосқанда алатын хабарлама арқылы мәлімдейді.

15.3. Өзгертулер не толықтырулар енгізген соң Компанияның Жеке ақпаратты қорғау саясаты бетінің төменінде көрсетілген редакциялау күні өзгереді. Компания кез келген өзгертулерден мәлім болуы үшін Пайдаланушыларға осы Жеке ақпаратты қорғау саясатын қарап шолып өтуді ұсынады.

Күшіне енген күні. Осы Жеке ақпаратты қорғау саясатының бұл редакциясы күшіне 07.06.2018 енді.